Lumiere сценарийлік агенттігі
Lumiere сценарийлік агенттігі – Қазақстанда және Орталық Азиядағы алғашқы әрі бірден-бір кәсіби сценарийлік агенттік.
 
Біздің миссия - киносценарийшілердің кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында кинодраматургия шеберлерін біріктіру, демек жалпы алғанда барлық  кинематографиялық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септігін тигізу. Біздің агенттіктің сценарийшілері кинодраматургияның қазіргі ұрпағының жарқын өкілдері. Біздің жоспарымызда атақты кинодраматургтармен, сонымен қатар табысқа жетуге талаптанған, үміт артар жас авторлармен бірлесе отырып, жұмыс жасау.
 
Lumiere сценарийлік агенттігі ашық,заманауи және талантты кинематографиялық өнер туындыларын шығаруға ұмтылатын продюсерлік орталықтар, кинокомпаниялар және телеарналармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуды мақсат етеді. Біз бірлесе отырып, біздің кинематографияны жаңа кәсіби және көркем шеберлік деңгейге көтере алатынымызға кәміл сенеміз.

Lumiere сценарийлік агенттігінің директоры Жайық Сыздықов.