Сыздықов Жайық Арыстанбекұлы
Сыздықов Жайық Арыстанбекұлы
 
Режиссер, сценариші.
 
Туған жылы:  4 мамыр1965 жыл  
 
Туған жері: Қазақстан, Ақмола облысы.
  
1996 жылы  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік Өнер академиясы,  «Ойын киносының режиссурасы» мамандығы бойынша оқуға түсті.
 
2013 - Lumiere сценарийлік   агенттігінің директоры
 
 
 
 
 
   
Фильмографиясы:
 
2000 жылы - «Жаңаша қараңыз» халықаралық жастар кинофестивалінде «Жұмсақ мамыр» ойын фильмі үшін  Гран-при алды.
 
2001 жылы - «Сорос Казахстан» қорынан үздік қысқакометражды фильм  грантын ұтып алды.
 
2002 жылы - «Жаңаша қараңыз» халықаралық жастар кинофестивалінінің  «Торпақ түні» фильмі  бойынша жеңімпазы.
 
2002 жылы - «Киношок» (Ресей, Анапа) халықаралық кинофестивалінің «Кинопленкасыз кино» жастар байқауына әділ-қазы мүшесі ретінде қатысты.
 
2008 жылы - «Мачо» киносценарийі «Париж Синема» (Франция) кинофестивалінің  киножобалар бағдарламасына қатысты.       12 ұсынылған синопсистердің үздігі деп танылды.
 
2008 жылы - «Мачо» киносценарийі  Белградтық  кинофестивальдің   B2Bmeetings бағдарламасына қатысуға шақырылды . Азия секциясында бірінші сыйлыққа иеленді.
 
2012 жылы -  «Виртуалды махаббат» сценарийінің бірлескен авторы (басты рольде Артур Смольянинов). Режиссері Әмір Қарақұлов.  «Қазақфильм» өндірісі.
 
2012 жылы - «Жаужүрек мың бала»  тарихи фильмі сценарийінің  авторы. Режиссері Ахан Сатаев. «Қазақфильм» өндірісі.

Қайта оралу