Күмісбаев Данияр Нұрланұлы
Күмісбаев Данияр Нұрланұлы.
 
Кинодраматург.
 
1981 жылы Тараз қаласында дүниеге келді.
 
2000 жылы  «Кино-теле-драматург-редакторы» мамандығы бойынша Т. Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік Өнер академиясына түсті.  Б. И. Ғабитов-Жансүгіров шеберханасы.
 
 
 
 
 
 
 
  
Фильмографиясы:
 
2010 ж. - «Махаббат кекесіні»   толықметражды  көркем  фильм сценарийінің бірлескен авторы «Қазақфильм» (Қазақстан)- «Интерфест» (Ресей) бірлескен өндірісі.
 
2010 ж. –Баян Есентаеваның  «Shine production» студиясы өндірген «Ғашық Жүрек» толықметражды  көркем  фильм  сценарийінің бірлескен авторы.
 
2011 ж. - Баян Есентаеваның  «Shine production» студиясы өндірген «Ғашық Жүрек - 2» толықметражды  көркем  фильм  сценарийінің  авторы.
 
2012 ж. - «Қазақстан» ҚРРТ  АҚ тапсырысы бойынша «MGproduction» өндірген «Көк тарландары» теледидарлық сериалы сценарийнің бірлескен авторы  25 серия.
 
2012 ж. - «Қазақстан» ҚРРТ  АҚ тапсырысы бойынша «MGproduction» өндірген «Туған елдің түтіні» теледидарлық сериалы сценарийінің бірлескен авторы.  12 серия.
 
2012 ж. -  «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Баян Есентаеваның  «Shine production» студиясы өндірген  «Ғашық Жүрек» теледидарлық сериал сценарийнің бірлескен авторы.21 серия.
 
2013 ж. -  «Дала дауысы» толықметражды  көркем  фильм жобасының әдеби кеңесшісі (Қазақстан - Франция) бірлескен өндірісі. Жоба әзірлену кезеңінде. 
 
2013 ж. – «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша «MGproduction»  өндірген «Пилоттар» көпсериалы фильм  сценарийінің авторы. 16 серия. Дайындық кезеңінде.
 
2013 ж. - «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша «567» креативтік  лаборатория және  «Shineproduction» студиясы өндірген  «Тракторист махаббаты» көпсериалы фильм  сценарийінің авторы. 16 серия. Дайындық кезеңінде.

 

Қайта оралу